Жетісу облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, 8 жолаушы жараланды (ВИДЕО)

2028
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, 8 жолаушы жараланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға бүгін Ақсу ауданының аумағында болған.

«Toyota Alphard көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Алматы - Өскемен тасжолының 336 шақырымында рөлге ие бола алмай, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, Lada Priora көлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Одан бөлек шағын автобуста отырған 8 адам түрлі жарақатпен Талдықорған ауруханасына жеткізілді»,– деп түсіндірді мамандар.

<

Пікірлер