Тоқаев: Мемлекет атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді

2169
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құрылтайды ашқан Мемлекет басшысы ел атауына қатысты пікір білдірді:

«Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар.

Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе»-деді ол.

 

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер