8 жастағы бала басын терезе торына тығып, кері шыға алмай қалған (ВИДЕО)

2935
Adyrna.kz Telegram

Балқашта 8 жастағы бала басын терезе торына тығып, кері шыға алмай қалған. Бұл туралы облыстық ТЖД айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«17 маусымда Балқаш қаласында Қазбекова көшесіндегі көппәтерлі үйлердің бірінде бала құтқарушылардың көмегіне мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті. 2014 жылы туған бала басын терезе торына салып, кептеліп тұрып қалған. Уайымдаған ата-аналар балаға көмектесе алмай құтқарушылардан көмек сұрады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар гидравликалық жақ қайшыларының көмегімен металл торды кесіп алып, баланың басын шығарып алды. Балаға медициналық көмек қажет болмады»,– деп түсіндірді ведомство.

<

Пікірлер