Мәсімов туралы мәлімет бергендерге сыйақы беріледі

1920
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет бергендерге сыйақы (12 миллион теңгеге дейін) уәде етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелген.

"Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауға болады:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Антикор мәліметінше, хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.

 

«Адырна» ұлттық порталы   

Пікірлер