Жетістікке жетем десеңіз...

1941
Adyrna.kz Telegram

22 маусымда Көкшетау қаласында «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбындағы ппікірталас өтті.

Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Пікірталас спикері «Ворота люкс» компаниясының директоры Ержан Байгенжин жастарға өзінің жетістіккке жету жолын айтып, бүгінгі таңда бизнес ашудағы басты қажет қағидалармен бөлісті.

«Бизнес – үлкен жауапкершілік, қажырлы еңбек, таусылмас төзімді қажет етеді. Жетістікке жетем десеңіз - ең маңыздысы бастау. Себебі кез келген істі бастаған болсаң оны аяғына дейін, белігілі бір деңгейге жеткізгенге дейін адамда құлшыныс, талпыныс сынды сезімдер туады. Көбіне қазіргі адамдар бір істі бастаудан қорқады. Мен оларға айтар едім, ең бастысы – қорықпау, тәуекел ету. Қалғаны рет-ретімен болады» деп бөлісті ол.

Пікірталас барысында Көкшетау қаласы кәсіпкерлер палатасы және Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері келіп өз кеңестерімен бөлісті. Олар жігер іздеген жастарға, қазіргі таңда қандай жеңілдіктер, идеясы бар жастарға қандай мүмкіндіктер бар екенін айтып түсіндірді.

«Болар баланың бетін қақпа, белін бу деген. Сол себепті осы пікірталасқа өсемін, өнемін, деген жастардың жиналып біз сияқты жетістікке өз күшімен жеткен жандардың ақыл кеңесін алып, белгілі бір нәтижеге жеткен болса бізге одан асқан қуаны, бұдан асқан бақыт жоқ!» деп қосты Ержан мырза.

Сонымен қатар, пікірталас барысында Көкше жастары көкейлерін мазалаған сауалдарын қойып, ел ағаларынан жауап алды. Болашағымды өз күшіммен құрамын деген сеніммен келген жастар, жаңа серпін алып, келешектеріне кемел кеңес болатын деректер алып кеткеніне сенімдіміз.

Пікірлер