Алматыда заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылады

2363
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында заңсыз субсидияланған 95 млн теңге мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Облыс прокуратурасымен Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 95,2 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заңсыз субсидиялау фактілері анықталды. Субсидиялау қағидалары бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ("КабанбайАгро" АӨК "Бескөл" АӨК, "КЕРБҰЛАҚАГРО Дамуы" АӨК және "Бекарыс-2 АӨК) субсидияланған ұсақ аналық мал (қой) төлдерінің сақтап, азаюына жол бермеу талаптары орындамаған»,—делінген хабарламада.

Пікірлер