Алматыдағы креативті хабтың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды

511

Креативті индустрия жаһандық экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда көптеген шығармашылық, талантты, креативті адамдар және индустрияның ізбасарлары пайда болуда. Креаторлар санының өсуімен байланысты, олардың әлеуетін іске асыруға қажетті кеңістіктер тапшы.

2020 жылы Ұлыбританияның мәдени байланыстар мен білім саласындағы “Британдық Кеңес” халықаралық ұйымы, еліміздің басты мәдени орталығы саналатын, Алматыдағы 33-ке жуық шығармашылық кеңістіктердің тәжірибесін сараптады. Оның нәтижесі бойынша 2013 жылдан бері тек 3 орын ашық.

Негізгі мәселелердің бірі - тікелей қатысы жоқ функцияларды атқару, яғни, бір-екі адамнан құралатын шағым ұжымның әр қызметкері, өзіне тән емес әкімшілік, шығармашылық және қаржылық функцияларды атқаруы.

Өткен жылы Алматы қаласының дамуы жайлы болған кездесуінде Мемлекет басшысы, еліміздегі креативті экономиканың даму маңыздылығын ескере отырып, қала әкімшілігін атаулы бағытта дамуын қолдады.

Қазақстан бойынша креативті индустрия саласымен 17 мыңнан астам компания айналысады. Оның 8 мыңға жуығы Алматыда орналасқан. Сондықтан, Шымбұлақ тау курорты креативті хаб құр утуралы шешім қабылдап, Алматыда орналасқан, көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын креативті кеңістікті құру дизайн-тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жариялайтыны жайлы хабарлайды.

Креативті хаб – әр түрлі адамдар жиналатын физикалық немесе виртуалды кеңістік. Креативті хаб дегеніміз – шығаршылық, креативті және технологиялық секторлардың өкілдерін біріктіретін, нетворкинг және бизнес үрдістерін іске асырып, дамытатын, түрлі қауымдастықтар өзара әрекетететін модератор-алаң.

Конкурстық жұмыстар маусым айының 29-нан бастап шілденің 29-на дейін қабылданады. Жеңімпаздар тамыздың 10-шы жұлдызында жарияланады. Байқауды ұтып алғандардың жұмыстары іске асырылуға, ақшалай және ынталандыру сыйлықтар алуға мүмкіндік алады.

Байқау нәтижелері туралы ақпарат «Шымбұлақ» тау курортының және «Kazakhtourism» ҰК АҚ сайттарында немесе әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Байқауды ұйымдастыру, өту және нысанға бару мүмкіндігі туралы ақпаратты +7 727 331 77 77 телефоны арқылы алуға болады немесе info@shymbulak.com электронды поштасына жазуға болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket