Қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ - Руслан Желдібай

2605
Adyrna.kz Telegram
Фото: Primeminister.kz
Фото: Primeminister.kz

Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Осыған байланысты журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ. Ресей біздің стратегиялық  серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз”,- деп жазды ол Facebook  парақшасына.

Пікірлер