Алматы әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды

3008
Adyrna.kz Telegram
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Алматы әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды. Бұл туралы Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"980 мың", - деп қысқа қайырды ол.

Журналист әкімнен не себепті әріптестеріне қарағанда жалақысы аз екенін, мәселен, Алтай Көлгіновтің жалақсы 1 900 000 теңге екенін сұрады.

“Бұл тұрғыда лауазымдық жалақы, сыйақы төленетінін ұмытпайық. Сондықтан менің жалақым – 980 000 теңге”, – деді әкім.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер