Қазақстандық әйелдер зейнет жасын төмендетуді талап етіп Еңбек министрлігінің алдына жиналды

2239
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әйелдер зейнет жасын төмендетуді талап етуде. Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенділер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының жанына жиналды, деп хабарлайды ”Адырна” порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

 

Қазақстандық әйелдер талабы елеусіз қалса, олар төтенше шара қолдануға дайын. Департаменттің кіреберісінде аштық жарияламақ.

Әйелдермен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен онлайн кеңес өткізді. Содан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдерді жеке қабылдауға уәде берді. Белсенділердің айтуынша, оларды еліміздің түкпір-түкпірінен 1,5 миллионнан астам әйел қолдап отыр. Бұлар кәсіподақ өкілдері мен петицияға қол қойғандар.

Еске салсақ, бұл тақырып үкіметте бұрын да көтерілген болатын. Қазір Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы біртіндеп ұлғайып жатыр. 2027 жылға қарай әйелдер де ерлер сияқты 63 жаста зейнетке шығуы керек.

“Біз мемлекет, билікке салмақты шешім қабылдауды ұсынамыз. Егер адам әртүрлі жағдайларға байланысты - денсаулығына байланысты жұмыс істей алмаса, жұмыс таба алмаса 58 жастан бастап зейнеткерлікке шығаруын сұраймыз.

Мемлекет үшін бұл жерде тиімдісі ересектердің орнына жастаржұмысқа орналасады. Біз жұмыссыздық мәселесін шешуге тырысып жатырмыз”, – дейді Қоғам қайраткері Марина Бачаева. 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер