Нұр-Сұлтан қаласына көшіп барушыларға шектеу қойылуы мүмкін

5014
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов болашақта бас қалаға көшіп келушілерге шектеу енгізу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

 

Елордада халық саны өскен кезде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға мөлшерден тыс көлемде ауыр салмақ түсетінін мәлімдеді.

"Болашақта бізге кейбір шектеулер қажет болады. Өйткені жылу жетпесе, халық лимитін көбейте алмаймыз, су, жарық жетпейді. Мұның барлығын ескеру керек, бұл болашақтың ісі, сондықтан бас жоспарда, жобалауда осының бәрі ескерілген. Алдағы уақытта қандай шараларды қолға алу керектігін қарау керек", - деді әкім.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер