Рыбакина: Жас ойыншыларға менің көмектесетін кезегім келді, грант тағайындаймын (ВИДЕО)

2186
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен кездесті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға ҚР Президентінің Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

«Барлық қазақстандық Сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, Сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін», — деді Әлихан Смайылов.

Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.

«Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім», – деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.

«Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастаймын. Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын», — деді Уимблдон-2022 жеңімпазы

Пікірлер