Танымал көпбалалы отбасында он сегізінші сәби өмірге келді

2551
Adyrna.kz Telegram
Фото: cabnews.kz
Фото: cabnews.kz

Қазақстандағы көпбалалы Павел мен Татьяна Култышевтар отбасында былтыр дәл осы шілде айында он жетінші сәби өмірге келген болатын. Биыл он сегізінші баласы дүние есігін ашты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір сәбидің денсаулығы жақсы, салмағы  4 келі 100 грамм болып туылған. Анасы сәбиімен бірге перзентханадан шықты.

Енді Култышевтар отбасында 8 қыз 10 ұл бар. Айта кетерлігі, бақытты отбасында тағы бір қуанышты жаңалық болды. Үлкен қыздары Инна жақында ғана ана атанған. Осылайша, көпбалалы ата-ана ата, әже болып отыр. Павел мен Татьяна Култышевтар Петропавлда тұрады. Көпбалалы ана тұңғышын 20 жасында босанған. Егіз балалары жоқ. Сәбилерінің арасы 1 жас шамасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер