“Ұйқым келмейді” әнінің авторлары халыққа үндеу жасады

7011
Adyrna.kz Telegram

Желіде елдің назарына іліккен "Ұйқым келмейді" әнінің авторлары ақын Рамазан Амантай мен композитор Диана Исмаил туындыға қатысты пікір білдірді.

"Ұйқым келмейді" әніне түсірілген бейнебаян небәрі алты күннің ішінде Youtube желісінде 1,7 миллион қаралым жинап үлгерді. Туынды желіде сынға ұшырап жатса да, көпшілік әнге түрлі видео түсіріп, оның танымалдылығын арттыруда.

Nur.kz сайтының мәліметінше, хит әннің авторлары Рамазан Амантай мен Диана Исмаил желіде ерекше суреттер жариялап, көпшілікке үндеу жасады. Фотода Рамазан, Диана, қоюшы-оператор Қанатжан Мырзағалиев пен режиссер Мерей Маханов бой көрсеткен. Олар өз үндеуін киіміне жазып алған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер