Қазақстан тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алды

6640
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихында рет алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Vesti.kz мәлімдеуінше, бұл Орегондағы (АҚШ) Әлем чемпионатында болды. Тарихи жетістіктің авторы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бірінші орынды жеңіп алған қазақстандық спортшы - Нора Джеруто. Ол қашықтықты 8:53,02-де бағындырды.

Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетика тарихында әлем чемпионатында тұңғыш рет алтын медаль иеленді. 

Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Кенияның тумасы Джеруто Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер