Қыз Жібек пен Қожаны сөйлеткен актрисаға екерткіш тақта орнатылды

3016
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың керемет актрисасы Фарида Шәріпованың тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты,профессор Фарида Шәріпованың 1971-2010 жылдар аралығында тұрған Алматы қаласындағы Достық пен Қабанбай батыр көшеоерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үй қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. 01.08.2018 28 Ескерткіш тақта М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрының ұжы­мы мен Алматы қалалық әкім­­дігінің мұрындық болуымен ашылды. Ескерткіш тақта­ның бетіндегі шымылдықты Фа­ри­да Шәріпованың сахналас әріп­тестері, өмірлік достары Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімұлы пен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбай түрді. – Бүгін Фаридаға ескерткіш тақта ашып жатырмыз. Қапталдас тұрған қос үйде екеуміз талай жыл көрші болдық. Фаридамен студент кезімізден бастап көптеген спектакльдерде серіктесіп бірге ойнадық. Бұл өмірден өткенше достығымызға қылау түспей, әдемі жарасымын тапты. Фарида тәрбиесімен, тәртібімен жастарға үлгі-өнеге болған талантты ак­три­са. Бұл өмірде мәңгілік ешкім жоқ. Фариданы ерте кетті деп есептейміз. Әлі біраз рөлдер сомдайтын мүм­кін­дігі бар еді. Бірақ тағдыры со­лай болды. Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Кеңес Ода­ғының халық әртісіне енді қала әкімдігі Алматы көшелерінің біріне Фариданың есімін беруі керек. Топырағы торқа болсын! – деді КСРО халық әртісі, театр­дың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімұлы. Фарида Шәріпова жарты ға­сыр­дан астам уақыт бойы М.Әуезов атындағы Қазақ ака­де­миялық драма театрында үз­дік­­сіз өнер көрсетті. Сахнада қа­­зақ және әлем классиктерінің дра­малық туындыларында, осы за­манғы қойылымдарда басты рөл­­дерді шеберлікпен орындап, ұлт­тық театр өнерінің жаңа са­па­лық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты. – Өкініштісі, Фарида апайды қазіргі жастар білмеуі мүм­кін. Алтын дауыс иесі еді ғой! Ре­жис­сер Абдолла Қарсақ­б­а­евтың «Ме­нің атым Қожа» атты киносын баршамыз жақсы білеміз. Осы фильмдегі Қожаның дау­ысын Фарида апай орындайды. Міне, қараңыз, содан-ақ оның қандай талантты актриса бол­ғанын бағамдауға болады. Фарида апаймен сахнада бірге өн­ер көрсету біз үшін үлкен мақ­таныш болатын. «Ғашықсыз ға­сыр» деген спектакльде ол кісі бас­ты рөлде ойнады. Ал мен оның досын ойнадым. Фарида апаймен сахналас болу өте қиын. Ол кісі жай ғана көз тастағанда, көзіне қарау мүмкін емес еді! Ішкі қуаты ғажап болатын. Сахнада қатар тұрғанда іштей дірілдеп тұратын күндерімді әлі ұмыта қойған жоқпын. Бірақ бәрібір ол кісімен сахнада бірге ойнау бақыт болатын. Қазақтың талантты қызын еске алып, үйіне белгі тақ­та орнатылып жатқанына өте қуа­нып тұрмын. Бұл үшін театр ұжы­мына және қаланың әкімдігіне рах­мет айтқым келеді, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева. Фарида Шәріпова кино сала­сын­да да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұл­тан Қожықов, Әзірбайжан Мәм­бе­тов, Леонид Агранович түсір­ген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді. Фарида Шәріпова өнерлі жас­тарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөл­ді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті ак­тер Ы.Ноғайбаев екеуінің шы­ғар­­машылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде елі­міздің театрларында жемісті ең­бек етіп жүр. Ескерткіш тақтаның ашы­лу салтанатында Фарида Шәрі­пованың тұрған пәтерінде ұрпақтары дастарқан жайды. деп жазды Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» газетінде.

Пікірлер