Қуғын-сүргін құрбандары: Ел үшін ерлік көрсеткендер еленуде ме?

5342

Тарихын білмеген жетесіз... Дәл осы сөз сүйектен өтеді. Бірақ біздің тарихта расымен сүйекті сыздатып, жүректі мұздатқан сәттер көп кездеседі.

Соның ең ауыры, қиянаты көп болған, еске алудың өзі ашу тудыратыны - қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары...

d452cd0d-9da8-407c-b5b9-b14180a97112.jpeg

Оның ішінде қазақтың “қазақ” боп қалыптасуына өте көп үлес қосқан ұлт жанашырлары, зиялылары бар.

236a704a-3f0d-4987-b054-75fac75f3da8.jpeg

Ел есінен есімі мәңгі өшпес зиялыларды ұлықтау, дәріптеу міндет һәм парыз.

Серік Зиятов – Сырым ауданы, Бұлан ауылының тарих пәнінің білікті мұғалімі. Тарихтың тегеуірінді де, зілді тақырыптарының бірі -саяси қуғын-сүргін құрбандары аясындағы көзіқарақты пікірі мен ұсыныстары арқылы қоғам арасында белсенділік танытып жүрген пікірлерімен бізбен де бөлісуін сұрадық.

- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін тарихшы ретінде қалай бағалайсыз?

- Бұл мәселе бойынша қазір әр өңірде  жұмыс тобы құрылды. Біздің облыста өлкетанушылар мен тарихшы ғалымдар  7 бағыт бойынша жұмыс істеуде.

Тарих ғылымының кандидаттары Бақтылы Боранбаева апай ашаршылыққа, Альфия Байболсынова - Алаш қайраткерлеріне,  Есқайрат Қайдаров - ұжымдастыруға қарсы көтеріліспен байланысты мұрағат құжаттарымен айналысуда.

Өлкетанушылар  Қазыбек Құттымұратұлы - қуғындалған дін қайраткерлерін, Жантас Сафуллин - кәнпескеленіп, жер аударылған байларды, Айболат Құрымбаев - өңірімізге депортацияланған халықтарды, Ахмедияр Батырханов - кеңес-герман соғысында тұтқынға түсіп, репрессияланған азаматтар жайлы архив деректерін ақтарып, жұмыс жүргізуде.

Қазірдің өзінде жұмыстарының алғашқы нәтижелері көріне бастады.

Қ.Құттымұратұлы қуғындалған дін қайраткерлері туралы "Сенім үшін сергелдең" деген тарихи-танымдық кітабы жарық көрді.

Ахмедияр Қуанұлының соғыс кезінде  тұтқынға түсіп, сотталған жауынгерлер жайында "Тауқымет көрген тағдырлар" атты еңбегі оқырманға жол тартты.

Жақында ғана "Егемен Қазақстан" газетінде Есқайрат Хайдаров ағамыздың "Жымпиты көтерілісі" деген көлемді мақаласы жарық көрді.

Аталған мақалада Бұлдырты болысының ауылдарындағы ұжымдастыруға қарсы бұқаралық толқу таразыланған.

Менің өзімді де кезінде жұмыс тобына шақырған еді. Бірақ мектептегі жұмыстан қол тимейтіндіктен, баруға мүмкіндігім болмады.

Бүгінде өзім араласа алмасам да, жасалып жатқан шаруаларға құлақ түріп отырамын.

Тағы бір жағымды жаңалықты естідім. Жұмыс тобы Күнбатыс Алашорда энциклопедиясын дайындауда екен. Жантас Сафуллин Орал өңірінен жер аударылған 71 байдың тізімін анықтап қойды.

Сондықтан өзіміздің облыстағы жұмыс тобының жұмысына көңілім толады.

- Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі материял мұражайларда қаншалықты жеткілікті? Мемлекет тарапынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайлардың бой көтеруі қандай қарқында жүзеге асып келеді деп ойлайсыз?

- Қазақстанда қуғын-сүргін құрбандарына арналған жалғыз музей Шымкент қаласында ғой. Біздің аудандық мұражайда  репрессия тақырыбына арналған бұрыш бар. Сол экспозицияда ауданымыздан саяси-қуғын сүргінге ұшыраған азаматтардың тізімі бар.

7dbd142f-ae62-41c4-afa1-3656463bd4ce.jpeg

Музейдің өзі ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған  тарихи ғимаратта орналасқан. Қос қабатты аталмыш ғимараттың өзі тұнған тарих.

5e40756b-053d-4d51-83a6-943dfb3c6756.jpeg

72ccb269-ca0a-473d-be88-9a3f0fdd2968.jpeg

967f95e8-80e3-4a36-bebc-2b13a623fe35.jpeg