Шілде айында коронавирустан 3 науқас қайтыс болды – министрлік

2653
Adyrna.kz Telegram

Елімізде соңғы аптада вирустың таралуы 1,9 есе өскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелуде. Шілде айында КВИ-мен ауырған 3 науқас қайтыс болды», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Әлем бойынша коронавирустың омикрон штамы өршіп тұр. Сырқаттанудың өсуі Әзербайжанда 115%, Жапонияда 70%, Польшада 63%, Ресейде 49%, Қытайда 36%-ға жеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер