Саясат НҰРБЕК: Келесі жылдан бастап ЖОО-лар зерттеу моделіне көшеді

3154
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Президенті Телерадиокешенінің «3 сұрақ» бағдарламасына арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кадрлық даярлау моделіміз қазіргі таңда еңбек нарығының талаптарымен ұштастырылмаған, үйлеспеушіліктер бар. Биыл 88 мыңнан астам грант бөлінді. Ол былтырғыдан 16 пайызға жоғары. 4-5 жылдың ішінде біздің еңбек күшіміз 9-10 миллионнан 12,5 миллионға өседі. Бірақ, еңбек нарығы оған дайын емес. Отандық ғылымның негізгі проблемасы нақты компаниялардың талаптарымен ұштастырылмаған. Яғни ғылым, өндіріс, экономика өз бетімен дамып жатыр. Қазақстан техникалық, технологиялық ұлтқа айналуы керек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Келесі жылдан бастап еліміздің ЖОО зерттеу моделіне көшеді»,— деп түсіндірді министр.

Пікірлер