Алтай әйелдері арақ-шарапқа қарсы күресте жеңіске жетуде

4600
Adyrna.kz Telegram
Алтай Республикасындағы әйелдер бастаған күрес Ресейдегі түркі халықтарына жалпыласқан  Таулы Алтай облысындағы әйелдер. Ресей Федерациясына қарасты түркі халықтары мекен еткен өңірлер мен республикаларда алкоголизмге қарсы күрес жүргізілгеніне 30 жылдың жүзі болды. Соның нәтижесінде қазір Якутия, Алтай Республикасы, Татарстан, Тыва жерлерінде алкоголсыз аймақтар қалыптасқан. Ресей құрамындағы түркі халықтары жасаған өңірлердегі бұл жағдай BBC-дің назарын аударған.
Еркектерді алкоголизмнен аман алып қалу үшін, арақ-шарапқа қарсы күресті алғаш рет Алтай Республикасының әйелдері көтерген. Мәліметтерге қарағанда, арақтан уланып өлу әр 100 өлімнің 12-сін иелеген. Мұндай қырылудан сақтану үшін жергілікті тұрғындар өздері аттанысқа шығып, аймақтарда алкоголды ішімдіктерді сатуға тыйым салған. Арақ-шараптан бас тарту қозғалысында РФ ішінде лидерлік орын Якутияда. Онда 182 аймақ алкоголды ішімдік сатудан бас тартқан. Ал, алкоголге қарсы тұрған Татарстанда 15, Тывада 6 аймақ бар. Алтай Республикасының Бочи және Кұлада жерлерінде 1985 жылдан бері қарай арақ-шарапқа шектеу қойылған.
Бұл аймақ әлемде асқар тау, құзар шыңы, қияметтің қыл көпіріндей аса қиын жолдарымен туристерді өзіне баураған аймақ. Айталық, Чике-Таман асуы әлемдегі ең қиын 10 жолдың бірі болып саналады. Алайда, туристер бұл аймақтан алкоголды ішімдіктерді емге де іздеп таба алмайды. Таулы Алтайда «Ішімдіксіз Алтай» еріктілер ұйымы қазірге дейін алкоголизмге қарсы күресті табанды жалғастырып келеді.
Естай Божан, “The Qazaq Times, ”Фото; VIKTOR SADCHIKOV/TASS/BBC.
Пікірлер