Бірнеше рет зорлаған: Алматылық педиатр 11 жасар баланың зәбір көргенін айтты

4113
Adyrna.kz Telegram

11 жасар баланың туысқан әпкесі баланың тік ішек аймағына қатысты шағым білдіргенін айтып дәрігерге жүгінген. Алматылық дәрігер 11 жасар баланың жәбір көргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" сайты. Бұл туралы #NeMolchiKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бала қабылдауға туысымен келді, тік ішек аймағындағы ауырсынуға шағымдары бар екендігін айтты.

Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінді. Балаға операция қажет. Бұл істің егжей-тегжейлері әлі ашылмайды, бірақ мұны істегендер сөзсіз мақұлық адамдар, деп жазады Смаилова.

Автор балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісін айтудан қорықпаған дәрігерге де ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, барлық дәрігерлер сотталушылар мен олардың адвокаттарын қудалаудан қорқып, мұндай әрекетке батылы бармайды, өйткені олардың сотта қорғалуына кепілдік берілмейді.

«Менің ойымша, мұндай дәрігерлерді мемлекеттік наградаларға ұсыну және олар туралы барлық жерде жазу керек!». – деді қор басшысы.

Ол дереу бас дәрігерге арыз жазып, қылмыс туралы хабарлады. Сосын бізге, #NeMolchiKZ қорына хат жазып, шара қолдануды өтінді! Мен барлық ақпаратты бірден Алматы қаласы ПД басшысына жібердім, – деді Дина Смаилова.

Оның айтуынша, полицейлер балаларға зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша тергеу бастады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер