Алматы облысында кәсіпкерлікті қолауға 12,7 млрд теңге бөлінді

2523
Adyrna.kz Telegram
oldkaz.kyzylorda-news.kz
oldkaz.kyzylorda-news.kz

Алматы облысында шағын және орта бизнес саласында 96,7 мың субъект жұмыс істейді және өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 15,4 мыңға өсті.

Қазіргі кезде Алматы облысында ШОБ саласында Жұмыспен қамтылғандар саны 191,6 мың адамға жетіп отыр. Қуантарлығы, аймақтағы шағын және орта бизнес субъектілерінен қазынаға түсетін салып өткен жымен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Нәтижесінде, алты айдың қорытындысы бойынша ШОб субъектілерінен бюджетке келіп түскен түсім 130,6 млрд.теңгені құраған.

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға қашанда басымдылық беріледі. Бұл үрдіс биылда жалғасын тауып отыр. Ағымдағы жылы өңірде кәсіпкерлікті қолдауға 12,7 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» шеңберінде - 8,7 млрд. теңге, бірінші жартыжылдықта 3,7 млрд. теңгеге 151 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға және жас кәсіпкерлерге гранттар беру үшін 1,0 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 122,5 млн. теңге игеріліп, 100 грант берілді.

Алдағы таңда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша аймақтағы 1660 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

Ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуда жолға қойылған. Жоспарды жүзеге асыру үшінг ауыл халқына шағын несие беруге 1,8 млрд. теңге көлемінде көзделген.

Өкінішке орай, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Балқаш ауданында кенжелеп тұр. Бұл аймақта жыл басынан бері жыл басынан бері ірде-бір жоба іске асырылмаған. Тек Райымбек ауданы мен Қонаев қаласында екі жобадан қолдау көрсетілген.

Пікірлер