Израиль Иран астанасы Тегеранға зымыранмен соққы жасады. Жарылыс Иранның IRIB TV3 телеарнасының тікелей эфирі кезінде орын алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Тегерандағы зымыран соққылары Иран мемлекеттік телерадио корпорациясының штаб-пәтерінде айқын сезілген. Шабуыл сәтінде эфирде тікелей хабар жүргізіп отырған тележүргізуші Сахар Эмами аман қалды және көп ұзамай эфирге қайта оралды.
«Сіз естіген жарылыстар дыбысы – бұл шаң басқан (көшелер)…» – деп үлгерді айтуға жүргізуші Иранның Хайфа мен Тель-Авивке жасаған шабуылы жайлы хабарлап жатқан сәтте.
Кейінірек шабуылдан кейін Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) ресми Telegram-арнасында ирандық мемлекеттік телерадио орталығының ғимараты
«Ғимарат азаматтық мақсатта қолданылып жатқандай көрінгенімен, оны Иран Қарулы күштері әскери мақсатта пайдаланып келген. Телерадио орталығының инфрақұрылымы мен ресурстарының әскери қызметке тартылуы жасырын болған», – делінген мәлімдемеде.
2025 жылдың 13 маусымы таңертең Израиль «Арыстандар ұлты» операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына соққы жасаған. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами және Исламдық Азад университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты.