Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің үлкен қызы Саида Мирзиёеваны президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл лауазым 2023 жылы таратылған болатын, алайда енді ресми түрде қайта қалпына келтірілді.
Соңғы екі жылда Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарып, басқару үдерісіне белсенді қатысып келді, сондай-ақ халықаралық аренада елді таныстырумен айналысты. Соңғы бір жыл ішінде ол бірнеше елге барып, Қазақстан президенті де бар мемлекет басшыларымен кездесулер өткізді.
Саяси сарапшылар Саида Мирзиёеваны әкесінің ықтимал мұрагері ретінде жиі атай бастады. Оның осындай жоғары лауазымға көтерілуі

Айта кетсек, Саида Мирзиёева 40 жаста. Ол экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие және ақпараттық саясат пен қоғаммен байланыс саласында үлкен тәжірибесі бар. Бұған дейін ол билік пен қоғам арасындағы коммуникацияға жауапты құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарған.
Шавкат Мирзиёев 2016 жылдан бері Өзбекстан президенті қызметін атқарып келеді. Ол Ислам Каримовтен кейін билікке келген. 2023 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер нәтижесінде оның президенттік мерзімдері қайта есептеліп, енді ол 2037 жылға дейін билікте қала алады.