Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында тарихи жеңіске жетті

919
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DwxPmRvRkC5bCeA5DV1JtXZT3IzN9bRbISRpzgif.jpg

Солтүстік Македонияда өткен Балқан жасөспірімдер математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы қатысу тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді: төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль. 24 ел арасындағы командалық есепте біздің оқушылар екінші орынды иелендіі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алтын медаль иегерлері:

Ануар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Жәңгір Булат – Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;

Батырхан Бейғанов – Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегері:

Нұртай Мәлік – Ақтөбе облыстық Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері:

Мирас Кеңесбек – Қарағанды облыстық Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қазақстан бұл жарысқа 2004 жылдан бері қатысып келеді және жыл сайын үздік командалардың қатарынан көрініп жүр. Өткен жылы Түркияның Анталия қаласында өткен олимпиадада да Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алған болатын.

Комментарии