Тараздық Валентина Проскурина 74 жасында тағы бір жоғары оқу орнын тәмәмдап, заңгер атанды. Бұл туралы 24.kz телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл Валентина Проскуринаның екінші жоғары білімі. Бұған дейін инженер-экономист болған ол енді Тараздағы университеттің заң факультетін үздік тәмамдады. Айтуынша, бұл білім жұмыс барысында қажет болады.
Қазіргі уақытта Валентина Павловна — мектепке дейінгі тәрбие саласында сарапшы. Бұл салада жиі даулар туындайды. Сондықтан ол заңгер болуды нақты мақсат еткен.
«Сіз экономистсіз, заңға қандай қатысыңыз бар?» дегендер болды. «Менде заңгер дипломы бар» деп нақты айта алу үшін осы жолды таңдадым»,- дейді Валентина Проскурина.
Қазір Валентина Проскурина Алматыда тұрады. 20-дан астам кітап пен мақала жазған. 9 немере мен 2 шөбере сүйіп отырған зейнеткердің енді магистратураға түскісі келеді.