Бакуде Әзербайжан мен Қазақстанның қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, екі елдің қорғаныс министрліктерінің өкілдері арасында кездесу өтті, деп хабарлайды "Адырна".
Әзербайжан қорғаныс министрлігінің ақпарат және қоғаммен байланыс басқармасы хабарлағандай, халықаралық әскери ынтымақтастық басқармасында өткен кездесуде Қазақстандық делегацияға Әзербайжан әскеріндегі оперативтік мүмкіндіктер концепциясының (ОМК) бағдарламасы, әскери білім беру жүйесіндегі реформалар, сондай-ақ қорғаныс

Одан кейін қонақтар ОМК батальонында болып, Әзербайжан армиясындағы НАТО стандарттарын қолдануымен танысты.
Делегацияға ОМК бөлімшелері туралы брифинг ұсынылып, қонақтар қару-жарақ және техникамен танысты.
Кездесу соңында екі тараптың өзара қызығушылық тудыратын сұрақтарына жауаптар беріліп, пікір алмасу өтті.