Мәйіт өртейтін 1,5 млрд теңгелік крематорий. Депутат сүйіншілеген құрылыс

912
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gzX9wz5YfaUXOl1EDgX0GUeZl8qDqdi2O5uWVHJP.jpg

Депутат еліміздегі алғашқы крематорийдың толыққанды жұмыс істемей тұрғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Instagram парақшасында крематорийдің ішкі көрінісін және орнатылған құрылғыларды көрсетті. Оның айтуынша, нысанда Чехияда жасалған, газбен жұмыс істейтін екі пеш орнатылған. Крематорий құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған, барлық коммуникациялар толық қосылған.

Депутаттың есебінше, Алматы халқының саны алдағы жылдары 8 миллионға дейін өсуі мүмкін. Ал қазіргі таңда қаладағы 70 зираттың 61-і толып қалған. Сондықтан крематорийдің ашылу мәселесі өте өзекті болып отыр.

Сонымен қатар, жаңа нысанда биологиялық, медициналық және инфекциялық қалдықтарды өртеу мүмкіндігі қарастырылған.

Алайда, әзірге крематорий пайдалануға

берілмей тұр. Мәжілісменнің мәлімдеуінше, нысанды салған мердігер компания оны уақытша өз қарауында ұстап отыр. Себебі нысанды теңгерімге қабылдайтын мекеме әлі анықталмаған.

Алматы қалалық құрылыс басқармасы бұл мәселені растады.

«Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің ақпаратына сәйкес, олар крематорийді өз құзырына қабылдаудан бас тартты. Осыған байланысты қала әкімдігі заң аясында баламалы шешімдерді қарастыруда. Әзірге баланс ұстаушы анықталған жоқ», – делінген басқарма жауабында.

Қазіргі уақытта нысанды мемлекеттік ритуалдық қызмет комбинатының теңгеріміне беру мүмкіндігі қарастырылуда. Депутаттың пікірінше, бұл мәселені ұзаққа созбай шешу қажет, өйткені мегаполис қажеттілігі жылдан-жылға артып келеді.

Комментарии