Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында сирек кездесетін жануар байқалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Бейнеу тұрғындары түсірген бейнежазба 2 шілдеде әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Онда Қазақстанның Қызыл кітабына енген, жойылып бара жатқан күзен тұқымдас жануар байқалған.
Мамандардың айтуынша, шұбар күзеннің ұзындығы 29-38 см, құйрығы 15-22 см, салмағы 370-730 грамм болады. Бұл
Новости по теме
Эколог Әділбек Қозыбақовтың мәліметінше, шұбар күзен Маңғыстау өңірінде өте сирек кездеседі.
«Шұбар күзен экономикалық пайда әкелмейді. Бірақ бұл жануардың қорғаныс құралы өте ерекше – қауіп төнгенде скунс сияқты жағымсыз иіс шығарып, жауларын үркітеді», – деді Қозыбақов.