Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ниқаб киюге қарсы қабылданған заңға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мүфтият бұл шешімнің діни сенімге емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты қабылданғанын атап өтті.
«Бұл шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері, оның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік мақсатында осындай ұстанымды қабылдауда. Құран аяттары мен хадисте әйел кісілер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген. Бұл халқымыздың дәстүрінде де
Айтуларынша, ислам діні мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды.
«Біз еліміздегі мұсылмандардың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды. Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бекемдейік»,—делінген хабарламада.
Еске салайық, 30 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзін толық жабуға тыйым салатын заңға қол қойған болатын.