«Баян Сұлу» компаниясы Ресейдегі жалғыз филиалын жабады. Бөлім Челябі қаласында орналасқан. Бұл жайлы Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламада жазылған, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл шешімді «Баян Сұлу» компаниясының директорлар кеңесі 1 шілдеде қабылдаған, алайда оның себебі белгісіз. 2024 жылдың қарашасында компания Алматыдағы филиалының жабылғанын хабарлаған.
“Қазіргі уақытта Ресей нарығына өнім жеткізу тікелей сату моделі арқылы жүзеге асырылады, бұл жеке филиал ұстауды артық етеді. Сонымен бірге, «Баян Сұлу» АҚ Ресей нарығында белсенді жұмысын жалғастырып жатыр, елімізден Ресейге экспортталатын өнім көлемі жалпы экспорт көлемінің 40%-дан астамын құрайды. Жеткізілімдер қолданыстағы логистикалық арналар арқылы және келісімшарттық міндеттемелерге толық сай жүзеге асырылуда”, — делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Өткен жылдағы қаржы есебіне сүйенсек, жалпы компанияның үш филиалы болды. Қазір оның екеуі Алматы және Қостанайда жұмыс істейді. Филиалдар – компанияның
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Баян Сұлу» компаниясы таза пайдасын 23,1%-ға арттырып, 3,45 млрд теңгеге жеткізді. Алайда компанияның негізгі нарығы – Қазақстандағы сатылымы 9,2%-ға азайып, 41,5 млрд теңгені құраған. Ал фабрика үшін маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған нарық, Ресейдегі сатылымдар екі есеге артып, 2024 жылы 2,9 млрд теңгені құрады.
«Баян Сұлу» компаниясының негізгі акционері – KazFoodProducts, оның үлесі 85,06%. Ал компанияның түпкі иесі – кәсіпкер Ерлан Баймұратов, Forbes журналы 2024 жылғы мамырда оның байлығын 108 млн долларға бағалады. 2024 жылғы қазанда «Курсив» жазғандай, компанияның 5% акциясын мемлекеттік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – «Тобыл» сатып алған. Тағы 5% акция компания басқарма төрағасы Тимур Садықовқа тиесілі.