Не бетіммен "Домбыра күнін" тойлаймын?

605
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QCE8lw6PE7ybJIVYaLW6Rt6EPD5sE6ETAyVnRrrG.jpg

Былай келісейік, жігіттер: әуелі домбыраны самолётке мінгізіп алайық. Домбыраны ұлттық бренд ретінде самолеттің салонына алып жүруге пәрмен беретін арнайы заң қабылдатқызайық депутаттарымызға.

Сонан соң ғана сол жеңісті күнді домбыра күні деп тойлайық. Әйтпесе, ұлттың бас музыкалық аспабын самолетке мінгізе алмай жүріп домбыра күнін тойлау деген не тәлпіштік?!

Мәселен, мен домбырамды Скат ұшағымен Еуропаға апару үшін 72 мың төледім. Оның өзінде багажға өткіздіртті. Осыдан

кейін не бетіммен "Домбыра күнін" тойлаймын?

Айтпақшы, бүгін Мюнхен кинофестивалі сахнасында ән айтамын, ішім қан жылап тұрып. Президент Тоқаев айтқандай "домбыраны күмбірлетіп жүрген" бар өнерпазыңның көріп жүрген күні осы. Үнемі марапат пен наград алатын екі-үш әнші, күйшіні айтпағанда!

Мюнхен шаһары, Ruby Lily қонақ үйі

04.06.2025.

Erlan Toleutai

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии