Қайшылыққа толы экс-президент 85 жасқа толды

666
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/nursultan-nazarbaev.jpg

Бүгін, 6 шілдеде, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 85 жасқа толды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Назарбаев — ел тарихындағы ең ұзақ билік жүргізген тұлға.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР-інің тұңғыш президенті болып тағайындалды.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық алғашқы президенттік сайлауда 98,7% дауыспен жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.

2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеп, билікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Алайда ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Nur

Otan» партиясының төрағасы ретінде елдің саяси процесіне ықпал етуді жалғастырды.

Сарапшылардың айтуынша, Назарбаев президенттіктен кейін де кадрлық саясат, экономикалық активтер және элитамен байланыс арқылы басқарушы жүйеге әсер етіп отырған делінеді.

Алайда 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаевтың билік жүйесіндегі рөлі күрт әлсіреді. Қауіпсіздік кеңесінен шеттетіліп, партиядан да кетті. Бұрынғы жақтастары қызметтерінен босатылып, кейбірі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

5 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады. Құттықтау хатында Тоқаев Елбасының мемлекеттілік пен егемендіктің қалыптасуына қосқан үлесін атап өткен.

Комментарии