Баланы көлігімен қағып, қашып кеткен экс-полицей ұсталды

887
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PjOoVe6Tg5kCmep8d4YY8PbHIo5cLPDkPyQrPE3R.png

Алматы облысында 6 жастағы баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні Көкөзек ауылында болған. Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі кері қозғалып келе жатып, велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен. Кейін ер адам балаға көмек көрсетудің орнына  оқиға болған жерден бой тасалаған.

Облыстық полиция департаменті жол апатына байланысты қылмыстық істі тіркеп, тергеуді бастағандарын

мәлімдеді. 

«6 шілде күні көлікті басқарған 42 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат бұған дейін ішкі істер органдарында қызмет еткен. Алайда ол жол апаты болғанға дейін теріс себептермен қызметінен босатылған.

Айта кетейік, зардап шеккен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Комментарии