“Лауазым мен үшін таңсық емес”: Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысы қызметінен кетті

2348
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Лауазым мен үшін таңсық емес, ал аймақ – ерекше, оның үстіне мені бұл облыспен туған үйім, балалық шақ пен мектеп байланыстырады. Ведомство басшылығының сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда, әділдікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктерді ашады. Өмірлік және қызметтегі қағидаларым өзгеріссіз қалатынын айтқым келеді. Мен әр уақытта конструктивті диалогқа ашықпын және объективті сынды тыңдауға дайынмын. Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қол жетімді", – деді Рустам Әбдірахманов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер