Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді - БАҚ

6450
Adyrna.kz Telegram

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берген Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Ulysmedia.kz хабарлауынша, Бекболат Тілеухан Түркияға үшінші әйелі Жанар Тапеновамен бірге кеткен. Одан алты баласы бар. Ыстанбұл қаласында бұл күнде олар балаларымен бірге сатып алған пәтерінде тұрады. Жанар Тапенова Түркияға кетер алдында жақын туысының біріне өзіне тиесілі астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйдегі екі пәтер мен Шұбар ауданындағы жер үйді сатуды тапсырып кеткен.

Ыстанбұлда жүрген кезде Оразада Бекболат Тілеухан сондағы қандастарды жинап, ауызашар берген. Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоғанмен кездескен. Экс-депутат әзірге Қазақстанға қайтпайтын секілді. Себебі ерлі-зайыпты Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Әзірге олар сонда ықтиярхатпен тұрып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер