Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы MIT-де жазғы тәжірибеден өтті

1546

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Санжар Тұрғанбек өзін бақыттымын деп есептейді. Жоғары оқу жетістіктері үшін мектеп оған АҚШ-та, Массачусетс технологиялық институтында (MIT) жазғы тіл курстарынан өтуге мүмкіндік берді.

Көрнекті оқытушылар мен профессорлардан білім алу мүмкіндігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ерекше белгілерінің бірі болып табылады. Ал бұл мүмкіндік тек үздіктерге беріледі.

Жазғы курс алты аптаға созылды. Тыңдаушылар жобаларымен 4–5 сағаттан жұмыс істеп, содан кейін инженерия, физика, химия саласындағы мамандардың дәрістерін тыңдады. Санжардың айтуынша, бағдарлама өте қарқынды болды.

Санжар – болашақ ІТ-маман, сегізінші сыныптан бастап информатикадан олимпиадалық резервке енген, информатика пәнінен халықаралық Жәутіков,  республикалық олимпиадаларының жеңімпазы.

Санжар MIT зертханасында жасалған «InferenceQL» программалау тілінің зерттеуімен айналысты. Ол өзінің ғылыми көмекшісі, тәлімгер Кэмерон Фрилермен бірге «Crosscat» жасанды интеллект үлгісімен жұмыс істеді. Зерттеу барысында осы үлгіні талдап, жұмыстың дұрыстығын анықтап, қорытынды жасай алды.

 Көптеген оқушылар Массачусетс технологиялық институтында білім алғысы келеді, бірақ ол жаққа үздіктер ғана түсе алады, өйткені ол АҚШ-тағы ең талапшыл университеттердің бірі. Дербес оқу орны ғылыми-технологиялық зерттеулерге үлкен көңіл бөледі. Комиссияның түпкілікті шешім қабылдауындағы басты рөл болашақ студенттің бойында көшбасшылық қасиеттердің болуы, әлемді өзгертуге және ғылымның дамуына үлес қосуға ұмтылу болып табылады», – дейді Санжар.

Санжардың айтуынша Гарвард университетінің және MIT профессорларының дәрістері жақсы әсер қалдырды. Атап айтқанда, физика профессоры, физика бойынша Нобель сыйлығының иегері John D. MacArthur, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы Тom Leighton маманының дәрістері.

 Тағылымдама болашақ зерттеулер үшін әлеуетті идеяларды ұсынды. Басқа елдерден келген студенттермен де кездесіп, олардың мәдениетін біліп, өзімді көрсете алдым. Осы алты апта ішінде мен мүмкін емес ештеңе жоқ екенін, үлкен арман мен құмарлықпен ауқымды жобаларды бастауға және жасауға болатынын түсіндім, – деп Санжар Тұрғанбек сұхбатын түйіндеді.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket