«Бокс онша ұнамайды»: Данияр Елеусінов карьерасын аяқтауы мүмкін

1674

Данияр Елеусінов жыл соңына дейін кәсіпқой мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

«Маған бокс онша ұнамайды, мен жеңіске жеткенді ұнатамын. Промоутер керек, жекпе-жекке шығуым керек. Жыл соңына дейін осы ойлағаным болмаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын»,— деді ол.

Айта кетейік, жерлесіміз 25 шілдеде АҚШ төрінде украиналық Иван Голубпен жолығу керек еді. Бірақ жекпе-жек кейінге қалдырылды. Данияр ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Елордадағы жекпе-жек кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иемденді.

30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы, 2013 және 2015 жылдары Азия чемпионы болған.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket