Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды

1653
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ыдырысов 2017 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болған еді.

Пікірлер