Елена Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

4081
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы Гарбин Мугурузамен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тартыс 1 сағат 15 минутқа созылып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Есеп 6:3, 6:1 болды. Осылайша Рыбакина 1/8 финалға шықты.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 2 527 250 долларды құрайды.

Пікірлер