Нұр-Сұлтанда жүрген 40 қайыршы елден шығарылды

2882
Adyrna.kz Telegram

Елордада 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шараны өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елорда көшелерінде қайыршылықпен айналысатын 40 шетелдік азамат елден шығарылды. Оның 30-ын полиция Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлеп шығаруды ұйымдастырды, - делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал қалған 10 шетелдік азамат Қазақстаннан өз бетінше кеткен.

Жалпы, осы жедел алдын алу іс-шарасы басталған бір апта ішінде көші-қон туралы заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 288 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер