21-баптың 2-тармағында «Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді, немесе ұзартады, немесе беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады» — деп көрсетілген. Яғни, оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай өтпеген оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды. Ұзартуға өтінішті мемлекеттік орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады, деп хабарлайды aqparat.info.