ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

858
Adyrna.kz Telegram

          Үстіміздегі жылдың 12-13 тамызында Шу ауданында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті.

 Іс-шара Жамбыл облысының Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, және Қазақстан Республикасының ұлттық «Қызыл жарты ай» қоғамымен бірлесіп өткізілді. Көшпелі отырысқа Қордай, Мойынқұм, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының өкілдері, дағдарыс орталығының мамандары қатысты.

        Отырыс барысында Шу ауданының Аналар кеңесі өткізген жұмыстармен танысып, халық педагогикасы, жастарды тәрбиелеу, некені сақтау және т.б. мәселелер талқыланды.

 Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың пікірінше, қоғам үшін жастарды тәрбиелеу сияқты маңызды мәселеде аға ұрпақтың тәжірибесін, ұлттық тәрбие құндылықтарын басшылыққа алу маңызды.

 Одан әрі ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова «Мәдениетті ұлт-Мәдениетті ана» жобасын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығымен бөлісті.

 Талқылау барысында арнайы оңалту орталығына қажетті заттар туралы мәселесі көтерілді. Өйткені, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның өзекті проблемасына айналуда. Қазір Шу ауданында осындай жағдайға тап болған әйелдерді уақытша паналау үшін 27 орынмен жабдықталған дағдарыс орталығы бар.

 Шара соңында облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Қоғамдық қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің мәселелерін шешу үшін материалдық және заң тұрғысынан лайықты көмек көрсетілді.

Пікірлер