2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы мен зейнетақы, АЕК мөлшері өседі

2765
Adyrna.kz Telegram

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендегідей өзгерістер күтіліп отыр:

ең төменгі жалақы 60 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін);

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8 пайыз болып белгiленсiн»,- делінген құжатта.

Айта кетейік, заң жобасы 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылды.

Пікірлер