Украина АҚШ-тан 3 миллиард долларға жуық қаржы алды

2037
Adyrna.kz Telegram

Америка Құрама Штаттары Украинаның қарулы күштеріне 2,98 миллиард долларлық әскери көмек пакетін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«АҚШ өз егемендігін қорғау үшін күресті жалғастырып жатқан Украина халқына қолдау көрсетуге дайын»,– деді ел Президенті.

Байден бұл қаражат артиллериялық жүйелер мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ радарларды алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда АҚШ-тың Украинаға жіберген әскери көмегінің жалпы көлемі 10,6 миллиард долларды құрап отыр.

Пікірлер