Ішімдік ішкен 17 жасар жамбылдық біреудің көлігін айдап әкеткен

887
Adyrna.kz Telegram

  Ішімдік ішкен 17 жасар жамбылдық біреудің көлігін айдап әкеткендігі анықталды. Сарысу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған. Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, бағытын өзгертіп қашпақшы болғанда жол шетіндегі цемент қапталға соғысқан.

Құқықбұзушы кәмелетке толмаған 17 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оның біреудің көлігін ұрлап айдап кеткендігі және масаң күйде болғаны анықталды. Алайда иесі көлігінің ұрланғандығынан хабарсыз болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сиымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігімен хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда ол Жамбыл облыстық Білім басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйіне жеткізілді.

Пікірлер