«Балдырған» журналының бас редакторы студенттермен кездесуге келді

3357
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі  «Азаматтық борыш» жобасының аясында ауған соғысы ардагерімен Алматы техникалық университетінде кездесу өткізді. Университет ұжымы мен студенттерден жиналған аудитория Ауған соғысы ардагерін, Балдырған журналының бас редакторын Дүйсен Мағлұмовты үлкен ілтипатпен қарсы алды.

Өзімен бірге болашақ мамандарға дайындап әкелген суреттер мен журналдар жинағы таратылды. Әңгіме Ауғанстанда болған қызық жағдайлар мен бастан кешкен оқиғаларға толы болды. Өткізілген іс-шарада Дүйсен Мағлұмов басты тақырып ретінде ұлттық мұрағат, қазақ құндылықтары және елге адал қызмет атқару туралы мәселелерді қозғады.

Қазіргі таңда Дүйсен аға азаматтық борышы соғыстан кейінде атқарылып жатқанын айта кетті. «Балдырған»журналының бас редакторы қызметін атқарып жатып, жасөспірімдерге қалдыратын дұрыс құндылықтарды қалдыру жұмысындағы басты мақсат болып табылатының айтты.

Ауған соғысының ардагері Дүйсен Мағлұмов студенттердің қызығушылығың оятты, көптеген сұрақтарға жауап қайтарғаннан кейін кеш тез тарала қоймады, жиынның аяғында университет ұжымымен және студенттермен естелік фотоға түсті.

Пікірлер