Бішкекте Тәуелсіздік күнін тойлауға 2 миллион сом жұмсалмақ

1413
Adyrna.kz Telegram

Бішкекте Тәуелсіздік күнін тойлауға 2 миллион сом жұмсалады. Бұл туралы Мәдениет, спорт, туризм және жастармен жұмыс басқармасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мерекелік шараның бірінші бөлігі Шұңқыршақ жайлауында өтеді. Тұрғындарға  беделді тұлғалардың қатысуымен театрландырылған бағдарлама ұсынылады.

Сондай-ақ 31 тамыз күні сағат 19:30-да «Ала-Тоо» алаңында мерекелік концерт өтіп, жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді.

Әкімдік Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді.

Бөлінген қаржы дыбыс техникасын, декорацияларды, реквизиттерді, көлікті жалға алуға, шығармашылық қойылым тобын жалдауға, 20 биодәретхананы орнатуға бағытталатын болады.

Пікірлер