“Соғыстың берерінен алары көп”

2236
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан  «Азаматтық борыш» жобасы аясында  Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде ауған соғысының ардагері «Құрмет» орденінің иегері, «Ерлігі үшін» медалінің иегері Әділ Әбдіхалықовпен кездесу өткізілді.

1980 жылдарда мектепте оқып жүрген Әділ Әбдіхалықов әскерге шақырылады. Елге борышын атқарып жатқан кезінде, шығарылған жарлық бойынша Ауғанстанға жіберілетіні жайлы хабардар болды. Ыстық нүктеге аттанар алдында, КСРО елдерінен жиналған 700 әскер, оның ішінде 120 қазақ  сапер лауазымына  Түрікменстандағы Ашхабад қаласында 2 айлық дайындыққа жіберіледі. Дайындықпен Ауғанстанға аттанып соғыстағы көзге көрінбейтін жау – минаны залалсыздандыру, колоналарды бір нүктеден, екінші нүктеге жеткізу қызметімен айналасқан. 60°-70° градустық ыстық аясында тау шатқалдары арасынан мина іздеу ең қиын кезендердің бірі болғанын айта кетті. Сол киын сәттерде интернационалды ұлттар арасында жүрген қазақтардың төзімділігі мен қайсарлығына назар аударды.

Соғыс барысында Әділ Бектасұлымен бір ротада 12 қазақ болды, екеуі соғыс алаңында, біреуі Қазақстанға оралып мерт болады. Қасіретсіз соғыс болмайды, десе де,  қарулас достарының, майданда жандарын қиған  жолдастарының құрметіне білім алған мекемелерінде спорттық іс-шараларды ұйымдастырды. Қазақстанға оралғаннан кейін оқуға түсті, бүгінгі таңда өзінің жеке іс кәсібімен айналысуда. Ауған соғысы біткеніне келер жылда 30 жыл толады, осы уақытта әскери бауырларымен байланыстарын үзбегенің айтты, әрдайым кездесулер өткізіп, қарым-қатынастары туралы бөлісті.

 

“Соғыстың берерінен алары көп екенін түсіндім, соғыс өмірге қөз-қарасынды өзгертеді, өмірлік мектептін ең қатыгезі сол болар”, “Соғыстың суық терін сезіндім”, “Соғыс туралы көп кино көргем, алайда, соғысқа қатысқан ардагердің көзімен көрген жайтты тыңдау мүлдем басқа сезім берді”, “Ардагер қан майданда достарынан айырылғаны жайында айтқанда, көңілім түсті, бірнеше сұрақтар қойып та үлгердім”.  3 және 4 рота ұландары ішкі сезімдерімен бөлісе кетті. Айтарлық мектеп оқушылары ұзаққа созылған сұрақ-жауап дисскуссиясынан кейін, естелікке ортақ фотоға түсті.


Анель Ғалиева

"Адырна" Порталы

Пікірлер