Қазыбек Иса: Тәуелсіздіктің 31 жылына жеткенде ғана сабақтарын тек Мемлекеттік тіл - Қазақ тілінде оқиды!

2321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/dffff5cb-a073-4121-a56f-59cb76152039-960x500.jpeg?token=dc36c4ab0dd7463269b8a086a750328c
Нағыз азат оқушылардың алғашқы қадамы! Биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары өзгелерден ерекше бақытты! Өйткені, олар Тәуелсіздіктің 31 жылына жеткенде ғана сабақтарын тек Мемлекеттік тіл - Қазақ тілінде оқиды! Отарлық пен Бодандықтың қамытындай өзге тілді араластырмайды! Елімізде биылдан бастап, қазақ мектептерінде бірінші сынып оқушыларының тек мемлекеттік тілде оқуын ел қатты қолдап, қуана қарсы алды. Бұл жолда ата-аналар Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке алғыс айтып жатыр. Негізі, бірінші сынып қана емес, бастауыш сыныптарды түгел мемлекеттік тілде ету – көпшілік ел талабы. Одан соң ғана екі тілділікке көшуге, онда да халықаралық тіл - ағылшын тілін қосуға болады. Азат оқушылардың алғашқы қадамы асқар биіктерге бастай берсін! Алла жар болсын! Ақ жол!

Қазыбек ИСА

Комментарии